Қазығұртта өткен кездесу

2018 жылғы 17 тамызда «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және Түркістан облысы Қазығұрт аудан әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау туралы», «Әлеуметтік – еңбек қатынастарының жағдайы туралы. Еңбек шарттарын жасасу мен ұжымдық шарттар жасасу туралы», «Жұмысберушілердің жұмысшылар алдындағы жалақы қарыздары туралы» және кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен атқарып жатқан жұмыстары туралы» мәселелер қаралды.

Жиналысты Қазығұрт аудан әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов ашып, «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.

Жиналысқа аудан әкімдігінің қызметкерлері, ауыл округтерінің әкімдері,  аудандық дербес бөлімдердің басшылары,  аудандық мәслихаттың депутаттары,  салалар бойынша мекемелер басшылары мен  бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, облыстық және аудандық салалық кәсіподақ басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын соңында Қазығұрт аудан әкімдігі «Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Қуандықовқа «Қазығұрт ауданының 90 жылдығы» мерекелік төсбелгісін, ал Қазығұрт ауданының мемлекеттік қызметкері М.Ахметовке «Оңтүстік  Қазақстан облыстық  мемлекеттік мекемелері, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық Бірлестігінің «Еңбек озаты» төсбелгісін тапсырды.