Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен кәсіподақ ұйымын құру мақсатында кездесу өтті

18 тамызда Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен кәсіподақ ұйымын құру мақсатында «Аль-Асад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кездесу өтті. Кездесу барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жұмыс бағыттары, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерімен атқарылған жұмыстар, салалық Келісімдер туралы сөз қозғап, Кәсіподақтар Федерациясымен жақында құрылған -«YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі жайлы мағлұматтармен бөлісті. Мекеме қызметкерлерін бастауыш кәсіподақ ұйымының құрылу тәртібі, ұжымдық шарт нормалары, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық қамтылуы жайлары қызықтырды, кәсіподақтармен осы тұрғыда түсіндірмелер жасалды. «Аль-Асад» ЖШС-і 1993 жылдан бері тұрақты жұмыс жасап тұрған мекеме, қызмет түрі – тауарлардың кең ассортиментінің көтерме саудасы. Сауда мекемесінде 620 адам жұмыс жасайды.