Білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу

Кездесу барысында «Қазақстандық салалық білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Серікова облыстық кәсіподақ ұйымның аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өзара байланысы туралы, әлеуметтік әріптестікке байланысты жұмысы туралы сөз қозғады. Аудандық кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары облыстық кәсіподақпен, бастауыш ұйымдармен бірлескен жұмыстары, аудандық келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалуы, аудандарда кәсіподақ мүшелерінің тегін медициналық тексеруден өтуі, жазғы демалыс кезінде шипажайларда кәсіподақ мүшелерінің демалыстарын ұйымдастыруы, «Мектепке жол» акциясына қатысып, қайырымдылық көмек көрсетужәне тағы басқа жұмыс бағыттары туралы мәлімдеді. Әлеуметтік әріптестікті нығайту мақсатында жасалған жұмыстарға тоқталып, еңбек дауларының алдын алу мақсатында жасалып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Кездесу барысында облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеруде кәсіподақтар елеулі рөл атқаратынын, қазіргі уақыттағы кәсіподақтың маңыздылығын, әлеуметтік-еңбек қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етуде, еңбек қауіпсіздігін сақтауда, жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсартуға бағытталған кәсіподақтың жұмысы, әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерінің басым бөлігі ұжымдық шарттар арқылы реттелетіні туралы сөз қозғады.