Жамбыл облысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесу өтті

22-тамызда  Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Қаратау қаласындағы мәдениет үйінде өңірдегі мәдениет және спорт  саласы қызметкерлерінің кәсіподағына қарасты «Талас аудандық мәдениет үйі» КМҚК, «Талас аудандық орталықтандырылған кітапханасы» ММ, «Талас аудандық музей» ММ, «Талас аудандық архив» ММ, «№26 Талас ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі,  «№27  Талас ауданындағы бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесу өтті.
Аталған кездесуге Жамбыл облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Б.Қараулов, Жамбыл облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Б.Қоңырбаев және «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық  филиалының төрайымы Ж. Алшынбаева қатысты.
Кездесу барысында, кәсіподақ мүшелеріне, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары мен төрайымдарына және жұмысшыларға еңбек құқықтарының сақталуы бойынша кәсіподақ ұйымдарының жұмысы, «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, еркін әңгіме барысында ұжым қызметкерлерінің еңбек заңнамасының сақталуы, шипажайларға жолдама беру, тағы басқа да бірқатар сұрақтарға толығымен жауаптар берілді.