Қайырымдылық – асыл қасиет

Қайырымдылық көрсету, жақсылық жасау – бабамыздан қалған дәстүр. Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп көп балалы және аз қамтылған отбасылары – кәсіподақ мүшелерінің балаларына мектепке дайындыққа көмек көрсету мақсатында жалпы Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 25 кәсіподақ мүшесіне ақшалай көмек көрсетті. Өз кезегінде кәсіподақ мүшелері тілектерін айтып, алғыстарын  білдірді.