Мемлекеттік архивтің кәсіподақ белсенділерімен өткен кездесу

Тамыз айының 24 күні жұмыс жоспарына сәйкес «Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақ бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің кәсіподақ белсенділерімен кездесу өтті.

Кездесуде «Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақ бірлестігінің өкілі Баянбаев Ержан, «Қоғамдық жоба» қоғамдық бірлестігінің өкілі Братенков Александр және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің басшысы Жылыбаева Марзия қатысты.

Баянбаев Ержан өз кезегінде, әлеуметтік-еңбек қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етуде, еңбек қауіпсіздігін сақтауда,  жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсартуға бағытталған кәсіподақтың жоспарымен бөлісті және жақында кәсіподақтар ғимаратында ашылған «Татуласу орталығының» жұмысы жайында айтты:-еңбек дауларының алдын алу және жұмыс сәтінде кездесетін жанжалдық жайттарды сотқа дейінгі екі жақты шешу екендігін жеткізді.

Аталмыш мекеменің қызметкерлері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жүйелі әрі өнімді еңбек ету үшін кәсіподақтың болашақтағы жұмыс барысына өз ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар «Қоғамдық жоба» қоғамдық бірлестігінің өкілі Братенков Александр елбасымыздың биылғы жолдауы бойынша және бес бастамасы жайында аталмыш мекеменің қызметкерлеріне түсіндіру жұмысын жүргізді.

Сәйкесінше, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің басшылығы мен кәсіподақ белсенділері «Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақ бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен кездесуге ризалығын көрсетіп, ұжымның болашақтағы жұмысына сәттілік тілеп, кәсіподақтың жұмысы одан әрі өркендейтініне сенім білдірді.