Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіндегі экспозициялық залдарға экскурсия жүргізді

23 тамыз күні музей экскурсоводтары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлкеміздің тарихымен танысуға келген Павлодарлық оқушыларға Жайық өзені үстінде және Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіндегі экспозициялық залдарға экскурсия жүргізді. Ертіс-Баян өңірінің сәлемін ала келген оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында музей залдарында қызықты тапсырмалар беріліп, белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.