АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

Дəл қазір Ақтөбе облысының Кəсіподақтар ғимаратының акт залында “Кəсіподақ ұйымдары басшыларының көшбасшылық құзіреттіліктерін дамыту” тақырыбында семинар өтуде.
Семинар Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы Ақтөбе облыстық комитеті жəне ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалымен бірлесе ұйымдастырылып отыр.
Шараға кəсіподақ ұйымдарының басшылары қатысуда. Олармен “Көшбасшылық кəсіподақ қызметіндегі жетістік факторы ретінде”, “Стресс – менеджмент: қиын жағдайлардан шығу” жəне т.б тақырыптарда тренингтер, кейс-стади өткізіледі.
Семинардың ашылуында Ақтөбе облысының Кəсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Əмірғалиев, салалық кәсіподақтың Ақтөбе облыстық комитетінің төрайымы Мухтарита Сағындықова және Мемлекеттік басқару академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Саида Садуакасова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.