Ашық есік күні

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» атты кездесу болды. Кездесуге «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің, Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Халыққа қызмет көрсету өкілдерерінің, әлеуметтік қызмет саласында жұмыс атқаратын бухгалтерлерінің және «Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық Кәсіподақтар Бірлестігі өкілдерінің қатысуымен үлкен іс-шара өтті.

Іс-шара барысы келген қонақтарды аталмыш бөлімшенің қызметкерлері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы қалалық бөлімшесінің жұмысымен таныстырып, қәзіргі таңда жүзеге асып жатқан E-MAKET бағдарламасының жұмыс жүйесінің презентациясымен басталды.

Одан кейін кездесу дөңгелек үстел форматына ауысып, келген өкілдер әр ұжымның жұмыс барысымен, жаңадан жүзеге асып жатқан бағдарламаларымен таныстырды.

Сәйкесінше «Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық Кәсіподақтар Бірлестігінің өкілдері қәзіргі таңдағы кәсіподақ жұмысының әлеуметтік әділеттілікке бағытталаған жүйелі жұмысымен және «Жол карта» бағдарламасы негізінде жаханданып жатқан кәсіподақ жұмысының барысымен таныстырды.

Келген ұжым өкілдері қәзіргі таңдағы жұмыс барысы бір-бірімен тығыз байланыста екенін ескеріп болашақта ынтымақтастықпен одан әрі жұмыс атқарып, елбасымыздың жүйелі саясатын жүзеге асыруда бірлесіп үлкен белестерді бағындыра беруге серттесті!