Еңбегімен ұрпаққа үлгі болған

Еңбек күніне арналған шаралар бастау алды. Бүгін, 13 қыркүйекте Қызылорда облысы Кәсіподақтар Үйінде облыстың 100 ардагер ұстаздарына құрмет көрсетіліп, салтанатты түрде демалыс орынына шығарып салу рәсімі өтті. Шарада Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы , Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Байманов Шахмардан Асқарұлы, Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымы Байназарова Райкүл Мансүрқызы ұстаз-ардагерлерді Еңбек күні, Мұғалімдер күні және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекелерімен құттықтап, ардагерлерге білімді ұрпақ, саналы жастар тәрбиелеуде жасаған еңбектеріне алғыс білдірді.
Еңбегімен ұрпаққа үлгі болған ардагер ұстаздар көрсетілен құрметке ризашылықтарын білдіріп, Түркістан облысы, Түлкібас ауданында орналасқан «Таң нұры» демалыс орынына жолға шықты.