“SENIM” салалық кәсіподағының Атқару комитетінің мәжілісі өтті

Бүгін Астана қаласында ҚР Кәсіподақтар федерациясының конференц-залында «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының Атқару комитетінің мәжілісі өтті. Салалық кәсіподақ төрағасы Сапарбек Дүйсеновтың төрағалығымен өткен мәжіліске 16 өңірлік кәсіподақ төрағалары мен төрайымдары қатысты.

Осы жиынның күн тәртібінде еңбекақыны төлеу туралы ережеге өзгерістер мен қосымшалар енгізу, өкілдік шығындар туралы ережені бекіту және тағы басқа да мәселелер талқыланды. Мәжіліске қатысушылар аталмыш мәселелерді жан-жақты талдап, өз ойларымен бөлісті.