Қызылорда облысының АКБ Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті

Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығында Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша Еңбек күні мерекесіне арналған іс-шаралар, «Жүз жаңа есім» байқауы туралы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезі және съезд делегаттары туралы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің аудандардағы өкілдері туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, ҚРКФ басылымдарына жазылу барысы талқыланды, Сараево қаласында өткен «Әйелдер еңбегін бағалаңыздар!» тақырыбындағы Халықаралық әйелдер Конференциясындағы қаралған мәселелер туралы Конференция қатысушысының хабарламасы тыңдалды.