Қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып бекітілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 698 Жарлығымен қоғамдағы Адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып бекітілді.

Бүгінгі күні Астана қаласында «Еңбек күні» мерекесін өткiзуді ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары және қалалық еңбек Форумын өткізу жөніндегі тапсырма-жоспары іске асырылуда.

Еңбек күнін мерекелеуге арналған қалалық еңбек Форумы 2018 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 10-нан бастап Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры ғимаратында өткізіледі.

Қалалық форумның ұйымдастырушылары: Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Кәсіподақ Орталығы және Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы.

Қатысушылар: Атқарушы және өкілетті органдардың, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілердің, жұмысшылардың, БАҚ өкілдері.

Байланыс телефондары: 55-68-05, 55-68-1