Алматы кәсіподақ жастары-Шарын каньонында болды

22 қыркүйек күні «Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық Кәсіподақтар Бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласының жұмысшы жастарының, студенттерінің Шарын каньонында слёті өтті.

Слётке  салалық кәсіподақ мекемелерінен жалпы саны 60-қа жуық белсенді кәсіподақ жастары қатысты, атап айтқанда мәдениет саласында, білім саласында, энергетика саласында медицина саласында жұмыс атқаратын және жоғарғы оқу орындарының студенттері болды. Кәсіподақтар жастары әр түрлі саладан жиналсада өз белсенділіктерімен ерекшеленіп жатты.

«Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық Кәсіподақтар Бірлестігінің өкілдері аталмыш слёттің ұйымдастыруының мақсаты қазіргі Алматы қаласының кәсіподақ жастарының белсенділіктерін арттыру, жұмыстарында болатын іс-шараларға үнемі қатысып, кәсіподақта еңбек заңдылықтарын сақтауда, еңбек қауіпсіздігі, басқа да еңбек жағдайларына байланысты өзекті мәселелер кезінде жастардыңда бей-жай қалмауы ескерілді.

Қазір кәсіподақтарда жастардың қозғалысын жаңғыртудың күн тәртібіне шығарылып, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының саясатын жүргізуде жастардың рөліде басым болуға насихаттау.

Слётке қатысқан жастар аталмыш слётті ұйымдастырған Өмірбаева Зәуреш басшылық ететін Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің атына алғыстарын білдіріп, кәсіподақ өміріне белсенді қатысатындарын жеткізіп жатты.