Астанада ҚРКФ Атқару комитетінің отырысы өтті

21 қыркүйек күні ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайымның төрағалығымен ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің отырысы өтті.

Отырыста Федерация қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері қарастырылды.

Атқару комитетінің мүшелері «Қазақстандық «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіруі туралы шешім қабылдады.

Түркістан облысының құрылуына және Шымкент қаласының республикалық мәнге ие қала мәртебесіне ие болуына байланысты «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің атауын «Шымкент қаласының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне өзгерту және «Түркістан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігін құру туралы мәселелер қаралды.

Атқару комитетіне қатысушылар ҚР Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV-съезіне дайындық және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты тыңдады.

Атқару комитетінің мүшелері ҚРКФ Жарғысы жобасына, Тексеру комиссиясы туралы ереже жобасына және оның құрамына өзгерістер мен ұсыныстарды қарастырды және осы мәселелерді ҚР Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV-съезінде қарастыру туралы шешім қабылдады.