Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бірінші конференциясы өтті

2018 жылдың 21 қыркүйек күні Орал қаласы Нұр Отан партиясының ғимаратында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бірінші конференциясы өтті. Жиынға «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары И. А. Тощева, облыстық Кәсіподақтар Орталығының төраға орынбасары Б.Атауов, денсаулық сақтау саласы мекемелерінің басшылары және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатынасты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бұл «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасын сайлау, филиал кеңесі құрамын және ревизиялық комиссия құрамын сайлау.
Жиынның ашылуында сөз алған И. Тощева кәсіподақ ұйымдарының өкілеттіліктері мен құзыретіне тоқталып, бүгінгі күнгі кәсіподақ ұйымдарының міндеттері бұл – азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеу екендігін жеткізді.
Күн тәртібіндегі мәселелерге орай сөз алған кәсіподақ белсенділері төрағалыққа денсаулық сақтау саласын жақсы білетін және бұған дейін жаңа кәсіподақты құруда үйлестіруші болып көзге түскен Кусаинов Махамбет Какимұлының кандидатурасын ұсынды. Қатысушылар осы ұсынысты қолдап бірауыздан дауыс берді. Сонымен қатар жиынға қатысушылар салалық кәсіподақтың Кеңес және Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлады.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы болып сайланған Кусаинов Махамбет көрсетілген сенім үшін әріптестеріне алғысын бірдірді.