Еңбек күніне арналған Кәсіподақтардың спорттық турнирі өтті

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күні. Еңбек күніне арналған Кәсіподақтардың спорттық турнирі Қызылордада кеше, 21 қыркүйекте басталған болатын. Турнирдің екінші күнінде ақтық ойындарда ойыншылар жүлделі орындар үшін тартысты ойындар көрсетті. Жүлделер қоры 3 спорт турі бойынша жеке анықталып, жеңімпаздар Турнирдің жабылу салтанатында арнайы Дипломмен, жүлдегер медалі және Турнир Кубогымен марапатталды. 9 сала командалары қатысқанКәсіподақтар турнирінің нәтижелері бойынша Шахмат ойындары мен үстел теннисінен жеңімпаздар бірдей анықталды, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды тиісінше мұнай-газ саласы кәсіподағы, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы және Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы командалары иеленді. Шағын футбол ойыны бойынша жүлделі ІІІ орынды Мұнай газ саласы, ІІ орынды «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы және І орынды Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы командасы жеңіп алды. Сонымен қатар, әр ойыннан “Үздік ойыншы” номинациясы бойынша үздіктер анықталды.