«КЕЛЕШЕК» ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде «Келешек» жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібі бойынша «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Дария Хамитжанова кеңес мүшелеріне Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV Съезді, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясындағы «Еңбек адамы. Қазақстанның жаңа есімі» атты конкурсы, Бүкіләлемдік лайықты еңбек үшін іс-әрекет күні, Кеңестің атқарған қызметі мен келесі тоқсанға жоспары туралы айтты.
Отырыс барысында Нурмухаммед Баймуханов – ЖЭЦ-3 өндіріс-техникалық бөлімінің жетекші инженері және Айжан Таубебаева – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жас Орда» студенттер кәсіподағының төрағасының орынбасары Қарағанды жастарының проблемалық мәселелерін талқылап, өз пікірлерін білдірді.
Нұрмұхаммед Баймуханов энергетика саласы жас мамандарының еңбек жағдайы және олардың ұжымдық шарт жасауға қатысуы туралы мәліметтер айтты. Айжан Таубебаева оқу орны түлектерінің алғаш жұмысқа тұру барысындағы кездестіретін қиындықтары туралы өз пікірін айтып, Кеңес мүшелерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Quest-марафон» іс-шарасымен және «Zhas Сard» студенттік дисконттық картасымен таныстырды.
Нәтижесінде, «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері ұсыныстарын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Жастар кеңесіне жіберуге шешім қабылдады.