Сайлау алдындағы семинар

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жарғысының 7,8 тармағына, Түркістан облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы атқару атқару комитетінің        28.02.2018 жылғы №10/4-1 қаулысына және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Сарыағаш аудандық комитеті атқару комитетінің 29 тамыз 2018 жылғы №23 қаулысына сәйкес білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық ұйымына кіретін барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру, сайлау жиналыстарын       2018 жылдың қазан-қараша айларында өткізу жоспарланған.

Қыркүйек айында барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілерімен аймақтық семинарлар өткізілген.

Алғашқы семинар аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты мектепке дейінгі білім мекемелері кәсіподақ комитетінің жетекшілерімен өткізіліп, семинарда есеп беру, сайлау жиналыстарын өткізу жөнінде нұсқаулықтармен, жарғылармен таныстырылған.

Есеп беру, сайлау жиналыстарына дайындық, есепті баяндаманы дайындау тәртібі, жиналысты жүргізу, хаттаманы рәсімдеу жайлы тыңдаушыларға құнды мәліметтер және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар мен үлгілері таратылып берілген.

Кейінгі семинарлар №136 және Төле би атындағы жалпы орта мектептерінің базасында өткізілген.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков атқару комитетінің №23 қаулысымен таныстырып, есеп беру, және сайлау жиналыстарын өткізу кестесімен, ережелермен таныстырып, есеп беру жиналысындағы “Есепті баяндаманы” дайындауда көңіл бөлетін мәселелерді баяндаған.

Семинарда қосымша кәсіподақ комитетінің мамандары Т.Көкетаев пен А.Аликулов қатысушыларға толық түсіндірме жасап, барлық семинар қатысушыларына нұсқаулықтар, ережелер, хаттамалар үлгілері таратылып берілген.

Семинар қатысушыларының ерекше көңіл бөлген құжаты – “Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің 2014-2018 жылдары атқарылған жұмыстары туралы” Журналы болды. Журналда аудандық кәсіподақ комитетінің есепті мерзімдегі жұмысы көрсетіліп, кәсіподақ мүшелерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өсу диаграммалары, әлеуметтік әріптестік жұмыстары, жұмыскерлердің еңбегін, құқығын қорғаудағы атқарылған жұмыстар, сауықтандыру, мәдени, спорттық іс-шаралар жайлы құнды материалдар түрлі-түсті суреттермен толықтырылған және ол көпшіліктің көңілінен шыққан.

Семинарларда күн тәртібі бойынша құнды ұсыныстар қабылданған.