ҰРПАҚҚА МҰРА ӘР ІСІҢ

«Еңбек күнін» белгілеу бұл – тәуелсіз еліміздің барлық салаларында қызмет атқарып жүрген маман иелерінің еңбегін бағалап, еңбек адамдарының мәртебесін асқақтату. Білім нәрімен сусындатудан таңбайтын ұстаздар мерекесі  қарсаңында Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті    «Ұрпаққа мұра әр ісің!» атты салтанатты шара өткізді.

Шарада     Облыстық  мәслихат хатшысы  Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы білім саласына еңбегі сіңген ардагер-ұстаздар есімін, мәртебелі мамандықты әкеден балаға жалғастырған мұғалімдер династиясын және білім саласына еңбегі сіңген ардагер-ұстаздар есімін марапапаттады:
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Жәдиевтер әулеті – Қазалы ауданында  тамырын  тереңге  тартқан, ғасырға  жуық  еңбек  өтілімен өскелең  ұрпаққа өнегелі   тәрбие  беріп,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  Жәдиевтердің ұстаздар  әулеті.       Әулет  негізін  қалаушы Жәди ақсақал мен Сәуле ана 20 ғасырдың 70-жылдарына дейін  өмір сүріп, 6 ұл, 1  қыз  өсіріп,  тәрбиелеген.  6  ұл  ұстаздық мамандықты  таңдады.           Әулет тарихында  3 мектеп  директоры, 6 мектеп директорының        орынбасары,  6 ҚР Білім беру ісінің үздігі, 1 «Құрмет белгісі»      орденінің  иегері , бірнеше «Үздік жыл мұғалімі» байқауының           жеңімпаздары бар.

Дүйсеновтер  әулеті – Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылының ұстаздар әулеті. Ұрпақтары Сыр елінде білім беру саласында сапалы еңбек етіп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде жалғасын тапқан мамандық иелері. Өнегелі  жолымен, біліктілігімен ұл-қыздарына, шәкірттеріне  із қалдырған үлгілі, ардагер ұстаз- Мұсахан Дүйсенұлы. 1965-1985 жылдары қазіргі индустриалды-аграрлық колледж директорының оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1985-1993 жылдары мектебінің директоры, мұғалім  қызметтерін атқарды. Шиелі ауданының  «Құрметті азаматы». Ұлы Мирамхан Шиелі ауданы индустриалды- техникалық колледжінің директоры, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. Немересі Мөлдір заман талабына сай «English world» оқу орталығын ашып, дәріс беруде.

Балмағанбетова Ұлтай- 80 жаста «ҚССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталған.1960-1980  жж аралығында №10, №11, №1 май мектебінде химия пәнінен сабақ берді.1980-1996жж құрмет демалысына шыққанға дейін Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық колледжде еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты.Облыстық партия комитетінің мүшесі. Сырдария аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, партия ұйымының хатшысы болды

  Сармағанбетова Несіп – 80 жас мерей той  иесі, еңбек ардагері.1963-1994 жж Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищеде 30 жылдан астам уақыт ұстаздық қызмет атқарды. Педагогикалық, оқу-әдістемелік жұмыстары облыстық, республикалық газеттер мен журналдарда жарық көрді.

Рақымбаев  Мамзада- Білім саласында елеулі қызмет еткен 80 жас мерей той иесі, Жалағаш ауданы №122 орта мектеп ардагері. Еңбек  жолын №117, №32  орта  мектепте  бастаған. №122  орта мектепте 38 жыл еңбек еткен. Оның  25 жылында  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі  орынбасары қызметін атқарды. Қаз ССР білім беру ісінің үздігі  төс белгісінің иегері.

Шермағамбетов  Зинабдин – 75 мерей той иесі, Жаңақорған ауданының ардагер –ұстазы. ҚССР оқу ісінің, ҚР білім беру ісінің үздігі. Қазақстан Республикасының Құрмет ордені, Ерен еңбегі үшін меділінің иегері. Ауданда мұғалім және №239, №54 мектеп пен №3 мектеп-интернатынында директор, аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  қызметін атқарды.

Жұмабаева Талмаш -70 жас мерей той иесі, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті №27 орта мектебінің ардагер- ұстазы. Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Значогымен наградталған.1988-1993 жж аудандық физика пәні әдістемелік бірлестігіне  жетекшілік жасаған.Облыстық «Наурыз шапағаты» фестивалінің бір неше дүркін лауреаты.

Еңбек күні атап өту мақсатында үздік еңбек жұмыскерлерін айқындайтын республикалық  «Еңбек жолы» байқауының шеңберінде облыстың озат ұстаздары белгіленіп «Үздік тәлімгер»,  «Үздік жас маман» номинациялары бойынша Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы  Байназарова Райкүл Мансурқызы марапаттап құттықтау сөз сөйледі.

Бұл мереке  жастарды еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға баули  отырып, қоғамның лайықты азаматы болуға тәрбиелейді.  «Еңбек  күнін – әрбір  қазақстандықтың адал, ақ ниетті, кәсіби жұмысы, оның келешекке қосқан үлесі» деп білеміз.