Еңбек шартын жасайық

2018 жылдың 28 қыркүйек күні «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің іс-шарасы аясында «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының өкілдері Қазығұрт ауданы «Ауыл» ШЖҚ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен «Еңбек күні» мерекесіне орай еңбек шартын жасау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұжымдық шарт жасасу тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.