ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

«YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық  кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы құрамына кіру туралы өтінішін қарау туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының 7, 20 тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының құрамына мүшелік ұйымы ретінде қабылдансын.

2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесіне бекіту үшін енгізілсін.

«Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі атауын «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі атауына өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігі атауы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігі атауына өзгертілсін.

2. Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте аумақтық кәсіподақ бірлестігін қайта тіркеу «Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Б. Бекжановқа тапсырылсын.

3. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының салалық кәсіподақтары өз филиалдарының атауын өзгерту бойынша тиісті шаралар қолдану ұсынылсын.

4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары М.Тоқжановқа жүктелсін.

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігін құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» № 702 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұйымдық – кадр жұмысы департаменті Федерацияның салалық кәсіподақтарымен бірлесіп Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігін құру бойынша 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта тиісті шараларды қолдану тапсырылсын.

2. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының салалық кәсіподақтары өз филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) бойынша тиісті шаралар қолдану ұсынылсын.

3. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының төраға орынбасары М. Тоқжановқа жүктелсін.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезін дайындау және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы

2018 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесі №1 Қаулысының 10.4 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезін дайындау және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары М. Тоқжановтың ақпараты назарға алынсын.

2. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезін өткізу күні 2018 жылғы 10 қазаннан 2-3 қазанға ауыстырылсын.

3. «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының рәмізі туралы» мәселе Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезі күн тәртібінің жобасынан алынып тасталынсын.

4. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезінің күн тәртібіндегі «2017 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің №1 Қаулысымен сайланған Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының төрағасы

Б.Ж. Әбдірайымның өкілеттілігін растау және оны аталған лауазымға 5 жыл мерзіміне бекіту туралы» мәселе «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының төрағасын сайлау (өкілеттігін растау) туралы» деп анықталсын.

5. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс ХХV съезіне делегаттардың сапалы құрамы туралы Кәсіподақ Федерациясы Атқару комитетінің 2018 жылғы 10 тамыздағы ұсынымын сақтамаған салалық кәсіподақтар басшыларына Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы органдарының шешімін орындау міндеті қарастырылған, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының 10-тармағын бұзғаны жайлы ескертілсін.

6. Осы қаулының орындалуы Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары М. Токжановқа жүктелсін.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезін өткізуге байланысты Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының бюджетіне түзетулер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының 20 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезін өткізу бойынша шығындар сметасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Ұйымдық – кадр жұмысы департаментіне Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының бюджетіне тиісті түзетулер енгізу тапсырылсын.

3. Мүшелік ұйымдарға Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезін өткізуге байланысты шығындарды бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.

4. Осы қаулының орындалуын Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары М.Тоқжановқа жүктелсін.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының жаңа редакциядағы жобасы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №1 Қаулысының 5 тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезіне Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының жаңа редакциядағы жобасы қосымшаға сәйкес қарастырылуға және бекітуге енгізілсін.

2. Осы Қаулының орындалуын Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Тексеру комиссиясы Ережесінің жобасы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №1 Қаулысының 5 тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезіне Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Тексеру комиссия туралы Ережесінің жобасы қосымшаға сәйкес қарастырылуға және бекітуге енгізілсін.

2. Осы қаулының орындалуын Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары М. Тоқжановқа жүктелсін.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Тексеру комиссиясының құрамы туралы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясының Жарғысының 25 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезінде сайлау үшін Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Тексеру комиссияның құрамы бойынша қосымшаға сәйкес ұсыныстар енгізілсін.

2. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары М. Тоқжановқа жүктелсін.