«Бақытқа жетелеген бастама»

ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында көрсетілген отбасы институтын нығайту, отбасы мәртебесін арттыру бағытында қазақ қоғамын рухани жаңғыртып, өнегелі отбасыларды насихаттау шаралары облыс орталығы Ақтөбеден бастау алды.

Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының бастамасымен Қазақстан бойынша тұңғыш рет республикалық деңгейде «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығымен аналар аллеясы ашылды. Республикалық форумға Батыр ата Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, қазақ халқының бұлбұлы Бибігүл Төлегенова, Әбіш Кекілбаевтың жары Клара Жұмабаева, көп балаға аналық махабатын сыйлап жүрген Әмина қажы, қазақтан шыққан тұңғыш генерал қыз Сәуле Айтпаева, қазақ халық әндерін насихаттаушы Татьяна Бурмистрова, жазушы, қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова, ақын Марфуға Айтқожина тағы басқа келген қонақтарды көріп, олардың өмір мектебін тыңдап секция жұмысында дидарласудың өзі мен үшін үлкен бақыт болды.

Тек мені ғана емес әр ауданнан барған делегаттардың көздерінің жанып шабыттанғанынан көруге болады. . Өйткені олардың әрқайсысы ұрпақ тәрбиесінде аудан өмірінде өзіндік орны бар мамандар болатын. Олар өз істерінің майталман мамандары, бірі біліммен мәдениет саласында жетістікке жетсе, бірі адам жанының арашасы бола білген аналар, ал бірі 90- жылдары ала сөмкесін арқалап отбасын асырау үшін қиындыққа төзіп өмірдің өзі шынықтырған қалпында қазіргі таңда дүкен ашып халыққа қызмет көрсетіп бірнеше адамды қызметпен қамтып отырған аналармен қатар, споршы қыздарымыз және мемлекеттік қызметте қызмет жасап жүрген арулармен қатар , қазір зейнетте болса да қоғам үшін уақытын аямай аналық ақыл-кеңесін айтып жүретін аналар болды.

Форум аяқталған соң әрбір барған қатысушы: алдағы уақытта қыз бала тәрбиесіне аса мән беріп қоғамдағы болып жатқан келеңсіздіктердің алдын алу, жас отбасылардың ажырамауын, балалардың жетімсіремеуін, отбасы бірлігін насихаттау азаматын сыйлауға бағытталған шараларды көтеру бағытында шаралар ұйымдастыруға өз ойларымен идеяларын ортаға салуда. Яғни, бақытқа жетелеген бастаманың аяқсыз қалмайтыны қоғамдағы болып жатқан келеңсіздіктерге ауыл әйелдерінің де бей жәй қарамайтыны көңілді қуантты.

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді»,- демекші отбасы құндылықтарын насихаттауға аналарды құрметтеуге белсенді топ мүшелері қолдауға дайын. «Түздің тыныс-еркекке, үйдің ырысы-әйелге» -деген дана халқымыздың сөзін әркез жадымызда сақтай отырайық

Әйел адамға қайраткер болу міндетті емес, тілекші болу міндетті , -деп Индира Ганди айтқандай азаматтардың жүгін жеңілдетіп, тілекші болып жүргенімізді мақтаныш етеміз