Келіңіз, еңбек заңдарын үйренелік

Қазан айының 1 күні «Ұжымдық шарт жасаңыз!» атты жалпы Республикалық акция аясында «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының ғимаратында кәсіподақ белсенділеріне арналған еңбек қатынастар сәтіндегі еңбек заңдылықтарын үйрену курстары өз жұмысын жалғастырып жатыр. Лекторлық қызметте Сыдықова Мадина Эдуартовна жемісті жұмыс атқаруда.

Аталмыш курстардың ұйымдастырудың басты мақсаты -заңсыз еңбек қатынастарын болдырмау. Жұмысшылардың жалақы мәселесі бойынша, арнайы жеңілдіктер мен жұмысшыларға кепілдік беру сәттерінде, кәсіпорынмен жұмысшы арасында ұшымдық шарт жасалып келіспеушілік жағдайларын туындамауын қамтамасыз ету. Сонымен қатар «Еңбек шарттарын жасаңыз» республикалық акция аясында әр мекемелерде жекешеленген шарт жасау жұмыстары сәтті жүзеге асып жатыр.

«Алматы қаласы кәсіподақтар орталығының» арнайы кәсіподақ белсенділеріне арналған курстарға қатысушылардың қарасы ай сайын көбеюде, және бұл курстардың тек кәсіподақ мүшелері үшін тегін екенін ескере кеткен жөн!