Мұғалімдер спартакиадасы

Түркістан облысының Ордабасы аудандық білім бөлімі, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитеті және аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі бірлесе «Еңбек күні» және «Мұғалімдер күні» мерекелері қарсаңында мұғалімдер спартакиадасын өткізді.

Аймақтық кезең 2018 жылдың 15-22 қыркүйек күндері М.Әуезов, С.Сейфуллин, А.Шерімқұлов, Б.Оңтаев, Е.Ерназаров М.Исламқұлов, Б.Нұрлыбеков , «Достық», «Көкарал», «Төрткүл» жалпы орта мектептерінде, ал аудандық кезең 29-қыркүйек күні Аманкелді, Ш.Уәлиханов атындағы, Темірлан жалпы орта мектептерінде және Темірлан ауылындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионында өткізілді.

Спартакиада спорттың 10 түрін қамтыған.

Атап айтқанда: волейбол, кіші футбол, үстел теннисі, шахмат, кермеде тартылу, кір тасын көтеру, арқан тарту, жерден қолды бүгіп жазу, қол күресі, жеңіл атлетика түрлері.

Спартакиаданың аймақтық кезеңіне 3621 кәсіподақ мүшесі, оның ішінде 918 әйел, ал аудандық кезеңіне 426 кәсіподақ мүшесі, оның ішінде 108 әйел қатысқан. Бұл облыс көлемінде өткізілген ірі іс-шаралардың бірі болды.

Ерекше атап өтер бір сәт – жеңіл атлетикадан 1000 метр қашықтыққа жүгіруден Қ.Сәтбаев атындағы ЖОМ директоры Досыбай Роза жеңімпаз атанып, «Ең үздік басшы – спортшы» аталымына ие болды.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Сәдірмек әр спорттың түрі бойынша жалпы жеңімпаздарға байқау дипломдарын және сыйлықтарын тапсырды.