Сайлануға – сай бол

21-қыркүйек күні Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес  облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған оқу-семинар болып өтті.

Семинарды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып беріп, семинарға қатысушыларға алдағы есеп беру қайта сайлау жиналыстарын өткізуде жауапкершілік танытып, тиянақты дайындалып жоғарғы деңгейде өткізуді ұсынды.

Төраға орынбасары А.Абуов бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру қайта сайлау жиналыстарының өткізу мерзімдерін, күндерін айтып, алдағы науқанда барлық төрағалардың еңбектерінде сәттілік тіледі.

Семинарда кәсіподақ ұйымдарында есеп беру мен сайлауды өткізу туралы,  оны өткізу жөніндегі нұсқаулық, дайындық туралы, жүргізу тәртібі     туралы мәселелер кеңінен талқыланып, семинарға қатысушыларға жеткізді.

Семинар оқуы барысында облыстық комитет қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарында есеп беру және қайта сайлау жиналысын өткізу туралы толық түсіндіріп, семинар барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.

Семинар соңында «Жол – көлік колледжінің қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Р.Ешимов облыстық кәсіподақ комитетінің ұжымына алғысын білдіріп, алдағы болатын есеп беру қайта сайлау жиналысының қарсаңында ұйымдастырылған семинар өте орынды болғанын айтып, барлық әріптестерін жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға шақырды.