Табысқа жол

Кез келген деңгейдегі кәсіподақ ұйымының жұмысын жетілдіру, ең алдымен, оның басшысының жұмысынан басталады. Қамту, еліктіру, үйрету, көмектесу.

Сондықтан әңгіме көшбасшының рөлі туралы. Кәсіподақ жобаларын іске асыру аясында 2018 жылғы 20 қыркүйекте Ақсу қаласында Кәсіподақ көшбасшылар слеті өтті. Слеттің қонақтары «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гульбарам Ауезхановна Науразбаева және бас мамандары Баян Гаккуовна Бейсенова, Алма Файзрахмановна Арынова.

Осындай ауқымды іс-шараны өткізу үшін алаңшаны жаңа Балалар эко-техно орталығы ұсынды. Неге нақты осындай жоба? Біздің мақсатымыз – орындарда көшбасшылар анықтау ғана емес, сонымен бірге оларды кәсіби дамудың барлық деңгейінде сүйемелдеу. Осындай іс-шаралар қарым-қатынас жасауға, сәтті өзара әрекеттесуге, бірыңғай команда болуға үйретеді. Өздерінің негізгі жұмысында біз маман ретінде өсеміз, ал кәсіподақ қоғамға пайдалы болуға, тек өзіне ғана емес, сонымен қатар басқалар үшін де жауапкершілікті тартады.

Слеттің қатысушылары – бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағалары және жастар білім беру кеңесі, кәсіподақ қызметінің ерекшелігін есепке алынып іріктелген тапсырмалар орындады – нормативтік құжаттарды білуге, ұжымды біріктіру, көшбасшыны анықтау, команды жұмысын ынталандыру.

Кәсіподақ төрағаларымен өз міндеттерін қазіргі жағдайларда тиімді орындауды қамтамасыз ету көбінесе олардың қабілеттерінен және кәсіподақ көшбасшының тәжірибелік жұмысынан байланысты болады. Әсіресе көшбасшының бастапқы кәсіподақ ұйымындағы рөлі маңызды, өйткені кәсіподақ жұмысы еңбек қарым-қатынастардың ауырлық орталығында, білім беру ұйымының ішінде тұр. Сондықтан барлық қызметкерлерді біріктіретін мықты бастапқы ұйым болу керек.

Сондықтан, Ақсу қаласы № 7 орта мектебінің ұжымы «Көшбасшылық +» атты жобаны таңдағаны кездейсоқ емес. Кәсіподақ комитеті қалай жұмыс істейді, оны кәсіподақ мүшелері қаншалықты қолдайды, бастапқы кәсіподақ ұйымының алдында тұрған міндеттер қаншалықты құзырлы шешілетініне, соңғы есепте, кәсіподақ ұйымының жұмысының тиімділігіне байланысты. Кәсіподақ жұмысының тиімділігі көбінесе бастапқы ұйымда ұйымдастыру жұмысы қалай қойылғанынан байланысты болатыны ешкімге құпия емес.

Слет қызықты флэшмобпен аяқталды, онда ұлттық-мәдени орталықтардың қонақтары және украина диаспорасының канадалық орталық өкілі қатысты.