Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институттың 90 жылдық мерей тойы кеші өтті

5 қазан Алматы қаласының Республика сарайында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институттың 90 жылдық мерей тойы кеші өтті.Сəкен Сейфуллиндай,Ахмет Байтұрсынұлындай қазақтың зиялы өкілдерінің бастамасымен құрылған бұл қара шаңырақ қəзіргі таңда еліміздегі ең алғашқы,ең беделді,ең ірі оқу орындарының бірі.Кеш Мемлекеттік хатшы Гүлшара Абдыхалықова ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзімен бастады. Сонымен қатар ҚР Парламентінің сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев, ҚР мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының əкімідігі,шет ел жəне еліміздің оқу орындарының басшыларыда өз құттықтау сөзін жеткізіп жатты. Кештің құрметті қонағы ретінде шақырылған Қазақстан Республикасының Кəсіподақтар Федерациясының төрағасы Əбдірайым Бақытжан мырзаның Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институнының ректоры Такир Оспанұлын жəне қара шаңырақ ұжымын айтулы мерейтоймен құттықтау сəлемін Алматы қаласының кəсіподақ орталығының өкілі жеткізді.Кештің көркін қара шаңырақта білім алған түлектер, еліміздің танымал əншілері: Рамазан Стамғазиев,Тамара Асар,Жанар Айжанова,Гулмира Ақүрпекова,Медеу Арынбаев,”Қоныр” тобы жəне оқу орынның өнерлі студент жастарының мерекелік концертімен жалғасты.