Елбасының Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті

Батыс Қазақстан облысындағы кәсіподақтар ұйымдарымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ Жолдауына қатысты біркелкі шаралар ұйымдастырылуда.
5 қазан күні, Достық үйінде облыстық және салалық кәсіподақтар жетекшілері мен өкілдері тікелей эфирден тыңдау ұйымдастырып, бірігіп талқылады.
6 қазан күні БҚО КазИИТУ білім кешенінде кәсіподақ ұйымдары жетекшілері және белсенділері, ғалымдар, жастар өкілдері қатысымен Елбасының Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қолдайтындарын және жүзеге асыруға белсенді атсалысатындарын білдірді.