Кәсіподақтар Елбасының жолдауын қолдайды

2018 жылдың 6 қазаны күні Шымкент қаласында “Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы” Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының және республикалық маңызы бар Шымкент қаласының кәсіподақ ұйымдарымен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты жолдауын насихаттауды, талқылауды бастап, “Кәсіподақтар Елбасының жолдауын қолдайды!” атты акциясын өткізді.

Жалпы іс-шараға 350 кәсіподақ мүшелері қатысты, атап айтқанда, кәсіподақ активі, ардагерлері, “Келешек” жастар қозғалысының мүшелері, Құрылыс кешені және тұрғын үй-каммуналдық шаруашылығының салалық кәсіподағының, Ауыл шаруашылығы саласының кәсіподағының, Мәдинет және спорт, туризм және ақпарат салалық кәсіподағының, Энергетика саласының кәсіподағының, Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, Мемлекеттік мекемелері, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының “Сенім” денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының, “Ынтымақ” орта және кіші кәсіпкерлері қызметкерлерінің салалық кәсіподағының және Энергетика саласы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Сондай- ақ, Елбасының жолдауын сапалы орындаудағы және жүзеге асырудағы кәсіподақтардың рөлі айқындалды.

Елбасының жолдауы – қарапайым жұмыскерлердің көкейінде жүрген үміт пен арманы екендігін кәсіподақтар жеткізді.

Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы мен төрағаның орынбасары Әуесханов Серік Елемесұлы Жолдау бойынша баяндама жасап, оны жиынға қатысушыларға түсіндірді.

Жарыссөзге шыққан: кәсіподақ саласының ардагері, “Халықтар достығы” және “Құрмет” ордендерінің иегері, Отырар, Созақ, Төлеби, Ордабасы аудандарының және Арыс қаласының, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының “Құрметті азаматы” Шерімқұлов Досыбай Айтбайұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ақционерлік қоғамының филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кәсіподақ комитетінің төрайымы Айберова Гүлжан Касымбекқызы, “Келешек” жастар қозғалысының мүшесі, Политехникалық колледжінің студенті Керімбеков Аманғали Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын толық қолдайтындарын айтып, оны жүзеге асыру үшін жиынға қатысушыларды белсенді үлесқосуға шақырды.

Жолдауды әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымдарында, кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында талқылаудан өткізуді және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді облыстық және қалалық салалық кәсіподақтарға тапсырды.