«Мұғаліміңді құттықта» республикалық акциясы

Ағымдағы жылғы 24 қыркүйек-6 қазан аралығында Әуезов ауданына қарасты №42 Жалпы білім беретін мектепте мектеп директоры Л.У.Сулейменованың бастамасымен мұғалімнің имиджін қалыптастыру, педагог мәртебесін арттыру, моральдық – материалдық ынталандыру мақсатында көптеген іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, «Мұғаліміңді құттықта» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Онда оқушылар барлық мұғалімдерді құттықтау мақсатында қабырға газеттерін шығарып, мұғалімдер күніне арнап құттықтау открыткаларын жасады. Білім саласында көп жылдар еңбек еткен ұстаздарды құрметтеу мақсатында ол кісілерге арналған шағын концерт ұйымдастырылды. Концертке барлық мұғалімдер қатысты. Зейнеткер ұстаздарда назардан қалмай, осы аталған іс-шараларға қатысты. Бұдан бөлек әдістемелік бірлестік жетекшілерінің және кәсіподақ ұйымы мен бастауыш партия ұйымы бірлесіп спорттық ойын түрлерінен Ұстаздар күніне орай «Дені саудың жаны сау» атты Денсавулық фестивалін өткізді. Оған барлық мұғалімдер белсенді қатысып, марапатқа ие болды. 11 «а» сыныбының оқушылары мен өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен үлкен концерт өтті. Концертте оқушылар Ұстаздарына арнап ән айтып, би билеп, тақпақ шығарып, барлық өнерлерін ортаға салып, мұғалімдеріне көптеген жылы сөздерін, тілектерін айтты. Сонымен қатар, ұстаздар 11 сыныптың бітіруші түлектері арнайы дайындаған бейне ролиетерін тамашалап, дән риза болды. Бітіруші түлектерде көптеген жақсы тілектерін жаудырып, «Ұстаздық ұлы іс» деп бағалайтындарын айтты.