БҚО Кәсіподақтар Орталығында Үйлестіру Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

БҚО Кәсіподақтар Орталығында Үйлестіру Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға облыстың кәсіподақ жетекшілері, Келешек жастар кеңесінің мүшелері, ҚРКФ кезектен тыс XXV съезінің делегаттары қатынасты.
Отырыста ҚРКФ XXV съезінде қабылданған шешімдерден және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды. Аталған міндеттерді кәсіподақ мүшелеріне жеткізу мақсатында салалық кәсіподақ активтерінің және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жиналыстарында талқылау ұсынылды. Сондай ақ қараша айында Жастар Форумын өткізу, 2019 жылға «Қазақстан кәсіподағы» газетіне, «Курорт.кз» журналына жазылу жұмыстарын күшейту және кәсіподақ белсенділері мен жастарын оқыту мәселелері бекітілді.