Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының кәсіподақ мүшелерімен кездесу

2018 жылы 8 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы филиалының төрайымы А.Есекенова Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Жиналысқа Круглоозерный кенті әкімі К.Нуршинов, мекеме басшысы М.Кенесарин және мекемедегі кәсіподақ мүшелері қатысты.
Кәсіподақ төрайымы Халықаралық кәсіподақтар Конфедерациясының бастамасымен 7 қазан «Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін әрекет күні» және еңбек адамының беделін арттыру, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау мен жастарды өндіріс саласына тарту мақсатында қыркүйектің соңғы жексенбісі елімізде «Еңбек күні» мерекесі атап өтілгенін, сонымен қатар 2018 жылғы 5 қазандағы Елбасы Н.Назарбаевтың жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы басты мәселелердің бірі – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Негізінен, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігіне, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты екеніне, ең төменгі еңбекақыны 28 мыңнан 42 мыңға дейін көтеру, бұл да тұрмысы төмен отбасыларын қолдау екендігіне, медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болғандықтан, ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет екендігіне ерекше тоқталғанын атап айтып, осы тарихи құжаттың әрбір бағыты жайлы өз пікірін білдірді.
Жиналыс барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Сагмбаева, кәсіподақ ұйымының мүшесі Д.Нургалиев сөз сөйлеп, мекемедегі кәсіподақ ұйымының жұмысымен, жақсы жетістіктерімен, алға қойылған жоспарларымен, мақсаттарымен бөлісіп, Елбасы Жолдауының мекеме қызметкерлеріне маңыздылығын түсіндірді және кәсіподақ ұйымының алдағы уақытта жоспарланған шаралары жалғасын табады.

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы.