ҚРКФ көңіл айтуы

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның дүниеден өтуіне байланысты марқұмның жанұясына, тума-туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Қазақ әдебиетінің, тілінің, ділінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Шерхан Мұртаза – өз елінің нағыз патриоты болған ұлы тұлға. Бір бойында қайсарлық пен жігерлік, қарапайымдылық пен салмақтық ұштасқан Шерхан Мұртазаның қазақ халқының әл-аухатын арттыру, ел мүддесін қорғау жолында сіңірген ерен еңбегі тарих беттерінде мәңгі сақталары сөзсіз.

Шерхан Мұртазаның қаламынан туған әрбір туынды төл әдебиетіміздің төрінен ойып орын алары хақ. Әдебиетпен қатар журналистика, аударма саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізген Шерағаның әр жылдары жазылған шығармашылығы қазақ прозасына қосқан өшпес туынды болып қалады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

 

ҚР Кәсіподақтар

федерациясы