Кәсіподақтар Елбасы Жолдауын насихаттаудың алғы шебінде

10 қазанда Қызылорда облысының Кәсіподақтар орталығы Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын еңбек ұжымдары арасында насихаттау, кәсіподақ мүшелерінің Жолдауда көтерілген мәселелер бойынша толық ақпараттануын қамту басты назарға алынды. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов өз сөзінде Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерге тоқталды, төменгі жалақы көлемінің 1,5 есеге артуы, адами капиталды дамыту мәселелері, мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы міндеттердің ерекше маңыздылығын атап өтті. Қызылорда облысы әкімдігінің Жолдауды ақпараттық насихаттау тобы құрамында атқарылатын жұмыстармен қатар, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі үйлестіруімен салалық кәсіподақтардың бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек ұжымдарымен кездесулер кестесі жасалып, кестеге сәйкес жиындар өткізілуі пысықталды. Сонымен қатар, Үйлестіру Кеңесінің отырысы барысында 2018 жылдың 3 қазанында өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV съезінде қаралған мәселелер талқыланды. Съездің қабылдаған мәселелері туралы айтылып, алдағы жұмыс межелері айқындалды.