Білім беру ісін қолдайтын Жолдау

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы дамудың жаңа белестерін айқындайтыны анық. Бұл жолғы бас құжаттың маңызы бұрынғы Жолдаулардан аса айрықша.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіодағының төрайымы Амантаева Майра Тұрғанқызы Елбасы жолдауын насихаттау мақсатында 2018 жылдың 16-шы қазан күні Түркістан облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының активімен кездесті.

Майра Тұрғанқызы өз сөзінде: «Қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру мақсатында Елбасы Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды.

Сегіз бөлімнен құрылған бұл басымдықтың алғышарты 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажеттігін атап көрсетті. Мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту мен орта білім беру жүйесін нақтылау керектігін, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесінің мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс екендігін және бұл жаңартылған бағдарлама мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болатындығын нақты айтып өтті. Жалпы мектептердегі білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиістігін сөз еткен Елбасы мұғалімдердің мәртебесін де, еңбекақыларын да қайта қарау қажеттігіне ерекше тоқталды.

Елбасы айтқандай, ұстаздар мемлекеттік қызметкерлер ішіндегі әлеуметтік аз қорғалған, жалақысы жасаған жұмысынан төмен, сонда да қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып келе жатқан қызметкерлер екенін айтты. Расында да бүгінгі жас буын ертеңгі ел азаматы десек, сол елдің болашағы мен ертеңі ұстаздардың қолында. Яғни, ұстазға жағдай жасау – ұлт болашағына жағдай жасау. 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін ескерген Елбасы заңды құжаттың мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалайтын маңызды құжат болатындығын ескертті.

Бірлік пен тірлікке шақырған Елбасының бұл Жолдауы білім беру ісінің барлық қызметкерлеріне, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен кәсіподақ мүшелеріне тың серпін мен жігер ұялатқаны анық. «Біз, Кәсіподақтар Елбасы Жолдауын қолдаймыз! Ел игілігін еселеу жолындағы игі істерге бірлесіп атсалысайық!» деп қортындылады.

Жиынға келген аудандық, қалалық кәсіподақ төрағалары жолдауға деген өз ойларын, пікірлерін айтып, ризашылықтарын білдірді.