Көңіл айту

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Әбдірахман Асылбектің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның жанұясына, тума-туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Ұзақ жыл қазақ баспасөзінде және радиосында қызмет етіп, еліміздің мәдениет саласына сүбелі еңбек сіңірген Әбдірахман Асылбек – қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі де бірегейі. Қайсар мінезді қаламгер Әбдірахман Асылбектің қылқаламынан туындаған көрнекті шығармалары тарих беттерінде мәңгі сақталары сөзсіз.

Әбдірахман Асылбек – ҚР мәдениет саласының үздігі, «Үздік балалар ақыны» атағының иегері. Ол кісінің аударма саласына сіңірген ерен еңбегін ерекше атап өтуге болады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

 

ҚР Кәсіподақтар

федерациясы