Ақтөбеде “Ерен еңбек-кемел келешек” атты өңірлік форумы өтті

2018 жылы 20 қазан күні “Достық үйі” сарайында Еңбек күніне арналған “Ерен еңбек-кемел келешек” атты өңірлік форумы болды. Форум аясында “Еңбек жолы” өңірлік конкурсының жеңімпаздары марапатталды.  Жиынға Ақтөбе облысы Кәсіподақ Орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Егор Каппель қатысты. “Еңбек жолы” байқауы үш аталым бойынша өтті, олар «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас жұмысшысы» және «Жастардың үздік тәлімгері» деп аталды.

Шарада сөз алған Кәсіподатар Орталығының төрағасы А.Әмірғалиев еңбек адамдарының мәртебесін арттыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын байқаудың маңыздылығына тоқталып, “Еңбек жолы” өңірлік конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

Марапаттау кешінде жеңімпаздар мен қонақтар құрметіне концерт қойылды.