СПОРТТЫ СҮЙГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

2018 жылдың 25 қазан күні Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай Қызылорда облысының еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен спартакиада өтті. Спартакиадаға Мүгедектерге арналған оңалту орталығы, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мекемелерінен командалар қатысты.

Спартакиада мақсаты кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесін атап өту болды.

Жарысқа сақадай сай дайындалып келген командалар волейбол, жеңіл атлетика, стол теннисі, шахмат, арқан тарту іспетті спорт түрлерінен сайысқа түсті. Спартакиада өте қызықты, тартысқа толы өтті. Жанкүйерлер спортшылардың ойынын қызықтады.

Спартакиадада әр спорт түрінен І,ІІ, ІІІ орындар алған командалар дипломдар мен кубоктармен марапатталып, Командалық жүлделі І орынды Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, ІІ орынды №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, ІІ орынды Мүгедектерге арналған оңалту орталығы алды. Жеңімпаздар облыстық кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.