Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай өткізілген шара

2018 жылы 29 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы құрамындағы Казталовка арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Шарада аудан әкімі А.Шыныбеков құттықтау сөз сөйлеп, аудандық әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, осы салада еңбектеніп жүрген бір топ қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады.
Шара барысында Казталовка арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры А.Талпахов облыстық және бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан кәсіподақ белсенділерін алғыс хаттармен, құрмет грамотасымен, сыйлықтармен марапаттады.
Салтанатты шарада әлеуметтік сала ардагерлерімен «Олардың жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты сыр сұхбат ұйымдастырылып, соңы мерекелік концертке ұласты.
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы.