Еңбек шартын жасаңыздар

25 қазанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Қазақстан xалқына Жолдауын ақпараттық насиxаттау мақсатында Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен “Қызылорда жылу электро орталығы” мемлекеттік кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу өткізілді. Кездесуде Қызылорда облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов Елбасының Жолдауында көтерілген мәселелер және xалықтың әл-ауқатын өсірудегі нақты қадамдар мен міндеттемелері туралы түсіндірме жасады. Сонымен қатар, кездесуде ағымдағы жылдың 3 қазанындағы өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс ХХV сезінде кәсіподақтар қозғалысын одан әрі жетілдіру бойынша қабылданған шешімдердің жаңа серпін берері аталып өтті. “Еңбек шартын жасаңыздар” республикалық акциясы аясында еңбек қатынастары бойынша ережелер түсіндіріліп, жұмыскерлер сауалдарына жауаптар берілді.