Кәсіподақ ұйымдарының белсенді өкілдері арасында жиналыс өтті

Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетовтың қатысуымен Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігің Үйлестіру Кеңесінің мүшелері мен аймақтағы салалық кәсіподақ ұйымдарының белсенді өкілдері арасында жиналыс өтті.

Өз кезегінде, Б. Нұрымбетов жиынға қатысушыларға Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жайлы тиісті ақпарат беріп, үстіміздегі жылдың 3 қазанында өткен Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс XXV Съезінде қаралып, қабылданған мәселелердің мән-жайына тереңінен тоқталып, айқындап берді.

Сонымен қатар, жиын барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына қарасты жаңадар құрылған «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Шамсат Жақсылықұлы Исабековты таныстырып өтті.

Аймақтағы салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары Б. Нұрымбетовке өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып, оған қанағаттанарлық жауаптарын алды және мәнді де мағыналы басқосу үшін алғыстарын білдірді.