Мүліктерді басқару дирекциясының ұйымдастыруымен семинар-мәжіліс өтті

Үстіміздегі жылдың 30 қазан күні Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы» РКБ-нің Мүліктерді басқару дирекциясының ұйымдастыруымен шаруашылық субъектілері басшылары және бас бухгалтерлермен «Кәсіподақтар мүлкіне немқұрайлы қарау – еңбек адамының мүддесіне нұқсан келтірумен тең» тақырыбындағы семинар-мәжілісі өтті. Аталған семинарға оңтүстік өңірдің «Қызылордапрофсервис», «Алматыпрофсервис», Оңтүстік Қазақстан профсервис» және «Жамбыл профсервис» ЖШС-терінің басшылары мен бухгалтерлері қатысты.

Семинар-мәжілісті жүргізген Мүліктерді басқару дирекциясының Бас директоры Мұқтар Жанайхан Ахуанұлы қазіргі таңдағы кәсіподақтар орталықтарына сервистік қызмет көрсететін шаруашылық субъектілерінің алдында тұрған мәселелер мен оларды шешу жолдарына кеңінен тоқталды.

Қаржы саласындағы өзекті сұрақтарды талқылаған семинар қатысушылары әр өңірдегі тәжірибелерін талқыға салып, бір-бірімен ой бөлісті.

Жиын соңында семинар ұйымдастырушылары мұндай басқосулар еліміздің басқа да өңірлерінде өткізілетінін айтып, оның жұмыс барысында практикалық тиімділігінің болатынына сенім білдірді.