Елбасының Жолдауын Ақтөбе облысының ауыл шаруашылық қызметкерлері бір ауыздан қолдады

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті қазан айындағы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру үшін еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің  экспортын  2020 жылға қарай 2,5 есе көбейту және 2019 жылдың 1 – қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге дейін барлық салаларда өсіруді тапсырып басты міндет деп атады.

Осы жөнінде облыс әкімі Б.Сапарбаевтың төрағалығымен өткен және бұған қатысқан Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев, агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс атқарып жатқан 250 астам мекеме басшыларымен, облыстың ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының қоғамдық бірлестігіне кіретін 62 бастауыш ұйымының басшылары қатысқан жиында қызу талқыланды.

Елбасының осы қойған міндеттерін Ақтөбе облысының ауыл шаруашылық қызметкерлері бір ауыздан қолдайтыны жөнінде облыстың ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Сұлтанғалиев өз баяндамасында  атап өтті.