«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезекті XXV есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Ақтөбе облысының әкімі, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы Б.Сапарбаевтың басқаруымен өткен конференцияға партия Хатшысы И.Теренченков, Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығының төраға орынбасары Ж.Ақбергенов, салалық кәсіпдақтар филиалдарының төрағалары, жергілікті маслихат депутаттары, ардагерлер, БАҚ қызметкерлері, барлығы 300-ге жуық делегат қатысты.
Конференция барысында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асуы барысы талқыланды.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облысы филиалы Саяси кеңесінің,  бақылау-тексеру комиссиясының және «Жас Отан» жастар қанатының 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Конференция соңында «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облысы филиалының XXV  есеп беру-сайлау конференциясының Қаулысы қабылдап, «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.