Меморандумға қол қойды

Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы М.Х.Жакыповтың ұсынысына сәйкес кәсіподақ активінің жиналысы өтті.

Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұxидинұлы Әлішев Меморандум түзудің мәні, құқықтары мен міндеттері туралы айтты.

Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің негізінде әрекет ететін Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы бір тараптан, Түркістан облыстық мемлекеттік мекемелері, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының Жарғысы негізінде әрекет ететін Кулдар Аралбекқызы Есебаева екінші тараптан өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.