Мұнай-газ саласындағы еңбек нарығында жас маманның орны

Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Мұнай-газ саласындағы еңбек нарығында жас маманның орны» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Оған 300-ден астам студенттер мен профессор- оқытушылар қатысқан әңгімеге күні кеше Таразда өткен «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің съезіне келген бір топ делегаттар мен мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарындағы кәсіподақ ұйымдарының бір топ жетекшісі қатысып, жұмыскерлер мүддесін қорғауға кәсіподақ ұйымдарының алар орны және сала мамандарын даярлау мәселесі қозғалды.

Салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сұлтан Қалиев бастаған спикерлер арасында Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және басқа да облыстағы ірі мұнай – газ өндіріс орнында жұмыс істейтін азаматтар мен университетте мұнай-газ факультетінде оқитын студенттер өзара әңгімесі 2 сағатқа созылды.

Жастар кәсіподақ өкілдеріне тиісті өз сұрақтарын қойып, жауап алды.

Мұндай мазмұнды кездесуге университет басшылығы өз алғыстарын білдірді. Болашақ мұнай-газ саласы мамандары болып шығатын студенттер де мұндай басқосуға ұйытқы болған кәсіподақ ұйымдарына разы болып, еркін сұхбат құруға мүмкіндік алды.