Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2018 жылдың 2 қарашасы күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Алматы қаласы Әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі мен «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы арасында салтанатты түрде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар өкілдері Алматы қаласы Әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетов және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы төрайымы Данагүл Мұхамедкерімқызы Айнақұлова бұл меморандум Президенттің қайта жаңғырту мен ең жоғары құндылығы адам болып табылатын әлеуметтік мемлекетті құруға бағытталған ауқымды институционалдық реформаларды өткізуге арналған мемлекеттік бағытын қолдай отырып жасалған маңызды құжат деп атап кетті. Сонымен қатар Меморандум мемлекет пен кәсіби бірлестіктердің әлеуметтік серіктестігі негізінде жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, өзара әрекеттерді жүзеге асырудағы конструктивті ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған шара екенін ескерді.

Айта кету керек, Әдеп жөнiндегi уәкiл – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексi та-лаптары бұзылуының алдын алуды назарда ұстайтын, сондай-ақ өз функ-циялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретiн мемлекеттiк қызметшi. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды. Сондықтан екі жақты жасалған меморандум мемлекеттік қызметшілерге жан жақты қолдау беріп, әлеуметтік әріптестіктің рөлі мен маңыздылығын көрсетеді.

Алдағы уақытта Меморандум аясында тараптар мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға бағыттылған бірлескен шаралар ұйымдастырып, мемлкеттік қызметке елеулі үлес қосқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсынымдар дайындайды.