Қуатты Қазақстанда Өзбекстан күндері

Қазақстанда Өзбекстан жылы деп 2018 жыл жарияланды. Екі ел арасындағы тарихи қарым-қатынас бауырластық пен достыққа негізделген. Қазақстан мен Өзбекстан бұл байланысты тәуелсіздік жылдары сақтап қана қоймай, нығайтып, жаңа деңгейге көтерді.

Жуырда С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасының балалар кітапханасымен бірлесе онлайн режимінде «Қуатты Қазақстанда өркениетті Өзбекстан күндері» тақырыбында конференция өткізді. Шара Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында жастарға ұлы ақын Абай Құнанбаев пен Әлішер Науаидың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдени және кітапханааралық байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Шараға «Облыс әкімі аппараты» жанындағы «Қоғамдық келісімінің» маманы Түлкібай Тынышбайұлы Сапаров, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Үржан Құрманқызы Кудасова, №27 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Назгүл Қалабайқызы Баймағамбетова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шолпан Комунаровна Утешова, кітапханашылар мен оқушылар, оқырман қауым қатысты.

Шара барысында кітапханашылар екі ел арасындағы тарихи қарым-қатынас бауырластық пен достыққа негізделгенін айта отырып, ұлы ақын Әлішер Науаи мен Абай Құнанбаевты насихаттап, өзара пікір алмастырды. Сондай-ақ, конференцияда «Облыс әкімі аппараты» жанындағы «Қоғамдық келісімінің» маманы Түлкібай Тынышбайұлы: «Қазақстандағы Өзбекстан жылы екі халықтың бауырластығын танытады. Бұл байланыс тамырының тереңдігімен, біздің мәдениетіміздің тарихи ортақ мүмкіндіктерін кеңінен ашып, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтатыны туралы айтып өтті». Шарада «Ұлылардың ұлысы – Абай» бейне-слайды көрсетілді. №27 мектептің оқушылары Камиль Даулеткалиев, Евгений Брагин Абайдың қара сөздерін оқыса, ал Наргиз Серік «Без сознания нос не задирай», Әбілмансұр Нұрғалиев «Подумай взвесь» өлеңдерін нақышына келтіріп,

мәнерлеп оқыды. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті Бақтыбаев Нұрзат Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

«Тамыры бір туысқан өзбек елі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды