ҚРКФ делегациясы Шығыс Қазақстан облысында болды және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен меморандумға қол қойды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы және облыстың кәсіподақ белсенділерінің кездесуінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов кәсіподақтардың рөлі тек еңбекшілердің демалыстын ұйымдастыру, денсаулық сақтау немесе қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерімен ғана шектелмеу керектігін атап өтті. Ол Кәсіподақтар белсендірек болуы қажеттігін  және дәрігердің, оқытушының немесе мемлекеттік қызметкердің лайықты жұмыс орындарының сапасын ұйымдастыруға қатысуы керектігін айтты.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізуге келісті.

– Біз жасампаздыққа, ынтымақтастыққа және ортақтастық қағидаттарына негізделген нақты күш болуға тиіспіз. Жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынастар туралы айта келе, кәсіподақтардың жұмысында бастысы әлеуметтік әріптестік қағидаттары екенін түсінуіміз керек. Бұл әлемдік кәсіподақ қозғалысы ұсынып отырған негізгі қағида. Бүгінгі таңда кәсіподақтар федерациясының басты ұраны: «Тұрақты кәсіпорын, тұрақты қоғам, тұрақты мемлекет», – деді Бақытжан Әбдірайым.